⚠ Жаңа база 2018 📗 ҰБТ-да кездесетін сұрақтар. 📢 Репост жасап, Стенаңа сақтап қой!! #Қазақстантарихы_ЕНТ@official_globus ①.Қарақытай елінде үлестік жерлерді иеленушілердің қолында арнаулы: Грамоталар болған ②.Қарақытай мемлекетінде әрбір үйден: 1 динардан ақша жинаған ③.Қарақытайларда халық санағы болды: Иле гурхан кезінде ④.Қарақытай мемлекетінде билікке келген әйел адамға қойылатын талап: Хан тұқымы болу. ⑤.Қарақытайларда 1155 ж. Иле гурхан қаза болған соң билік Елюй Дашидың қызы: Бүсуганға тиді. ⑥.Қарақытай мемлекетiнiң құрылуы: Қиданмен байланысты ⑦.Қарақытайлар мемлекетінде ақшаның қандай бірлігі тарады? Динар ⑧.Қарақытай мемлекетіндегі салық жинау жүйесі: Түтін басына ⑨.Қарақытайлар астанасы: Баласағұнға жақын жердегі Ғұз Орда. ⑩.Иран деректері бойынша қарақытай билеушілері қалай аталды? Гурхан ⑪.Мәтінде сипатталған тайпаларды анықтаңыз? «Олар 1141 жылы Самарқан қаласына жақын жатқан Катуан даласында болған шайқаста салжұқтар мен қарахан әскерлерін ойсырата жеңеді. Бұхара қаласын мауараннахрдың орта бөлігін толығымен жаулап алады»? Қарақытайлар ⑫.Қарақытайлардың Жетісуға басып кірген мерзімі: XII ғасырдың 20 жылдары ⑬.Қарақытай мемлекетін құлатқан елдер: Хорезм, Найман ⑭.Қарақытай мемлекетінде жоғарғы билеуші атауы: Гурхан. ⑮.Қарақытайлар алғаш мекендеген жер: Солтүстік Қытай. ⑯.Қарақытайлар олар: Батыс Ляо, Қидан. ⑰.Қарақытайлар тілі тілдердің қай тобына жатады? Моңғол. ⑱.Қарақытайларға Хорезмшахы жылына төлеп тұрған: 3000 алтын динар ⑲.Қарақытай мемлекетіндегі басшының орталығы: Баласағұн ⑳.Қарақытай мемлекетінде ірі қалалар әкімі гурханға жыл сайын жер салығы: Харадж төлеген ㉑.Моңғол тектес қидандардың атауы: Қарақытай. ㉒.Ходжент жанында Қарахан әскеріне қарақытайлардың соққы берген жылы: 1137 ж. ㉓.1141 ж. Катуан даласында қарақытайлар жеңді: Қарахан мен селжұқтарды ㉔.XII ғ. 40-жылдарынан бастап Қарахан мемлекетінің Орталық Азиядағы жерлерін басып ала бастаған мемлекет: Қарақытай ㉕.Қарақытай мемлекетi: 1128-1213 жж. ㉖.Қарақытайлардың мемлекет басшысының лауазымы: гурхан ㉗.Әйелдер билік жүргізген ортағасырлық ел (-дер): Қарақытай ㉗.Жаңа сұрақтар: https://vk.com/official_globus ㉘.Гурхан- бұл: Қарақытайлардың басшысы ㉙.Қазақ жеріндегі қарақытайлардың билік құрған уақыты: 1128 – 1213 жж. ㉚.Жетiсудағы жергiлiктi түркi тiлдес халықпен араласып кеткен қидандар атала бастады: қарақытайлар. ㉛.Қарақытай мемлекеті өмір сүрді: XII-XIII ғасырларда ㉜.Қарақытайларға бағынышты болып, жылына - 3000 алтын динар төлеп тұруға мәжбүр болған билеуші: Хорезм шахы. ㉝.Қидандықтардың X ғасырда Батысқа қарай жылжыған бір бөлігінің мұсылман деректеріндегі атауы? Қарақытайлар ㉞.Қарақытай Елюй Даши Жетiсуда елін құрды: 1128 жылы. ㉟.Мәтінде сипатталған тайпаны анықтаңыз: «Бұл аймаққа олардың орналасуына екі себеп болды. Бірінші, Орталық Азияда батысқа қоныс аударған түрік тілдес тайпалардың олардың жерін жаулап алуы. Сондықтан Жетісуға қоныс аудара бастады. Екінші себеп, осы кезде бұл аймақтың кожасы Қарахан мемлекеті әлсірей бастады»: Қарақытайлар ㊱.Қарақытайлар 1198-1204жж ауған жерінде соғыс жүргізген тайпалар: гурид ㊲.1208жылы Қарақытайларды Шығыста жеңген: Наймандар ㊳.Қарақытай мемлекетінің орталығы: Ғұз ордасы ㊴.1212 ж. өмір сүруін тоқтатқан мемлекеттер: Қарахан, Қарақытай ㊵.1137 ж.Мауереннахр билеушісі Махмудты жеңді: Қарақытайлар ㊶.1141 жылы Қатуан даласындағы шайқастан кейін қарақытайлар басып алған өңір: Мауараннахр ㊷.1125 (1128) ж қидандар басып алған қала: Баласағұн ㊸.XIII ғ. басында қарақытайларды Жетісу өңірінен ығыстырған тайпа: Наймандар ㊹.Елюй Даши кезінде бір әскери басшысының қол астында жасақтанған жауынгерлердің саны: 100 ㊺.XII ғасырда Жетісуға қоныс аударған тайпа: Қарақытайлар ㊻.X ғ. Алтайдан Тынық мұхитқа дейінгі аумақты алып жаткан қидандардың мемлекеті: Ляо империясы ㊼.1141 жылы салжұқ-қарахан әскерін жеңген тайпа: Қарақытай ㊽.Әйелдерге хан мұрагері болу құқығы берілген ел: Қарақытай мемлекеті ㊾.Қарақытайлар бағынышты халықтарға салық салуды күшейтіп, ашық тонауға көшкен кезең: XII ғасырдың 2-жартысы ㊿.Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуына әсер етті: Түрік тілдес тайпалардың қарақытайлар жерін жаулап алуы Қарахан мемлекетінің әлсірей бастауы ВКонтакте: ҰБТ 2018

Теги других блогов: история Китай Каракитай