⚠ Жаңа база 2018
📗 ҰБТ-да кездесетін сұрақтар.
📢 Репост жасап, Стенаңа сақтап қой!!
①.Тоқсаба, Дурут, Йетиоба сияқты қыпшақ тайпаларының атаулары нені көрсетеді?
•/Олардың тайпалық бірлестіктер болғандығын/
②.Маңғыстау мен Үстіртте қыстап, жазда Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайықты жайлаған:
•/Қыпшақ тайпалары/
③.1065 ж. Қыпшақтарға қарсы жорыққа шыққан селжұқтар билеушісі:
•/Алып-Арслан/
④.XI-ХIII ғғ түркi тiлдес тайпалар бiртұтас этносқа жататындарын сезiнiп қабылдады:
•/Қыпшақ этнонимiн/
⑤.XII ғ. тілдік дінді ұстанған қыпшақ тайпалары қай территорияда орналасқан?
•/Жент пен Фараб арасында/
⑥.Қыпшақ тайпалар одағы мен үйсін тайплар одағының бірігуі нәтижесінде құрылды:
•/Қазақ халқы/
⑦.Қыпшақ тіліндегі «яланкуг»:
•/Құл/
⑧.Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы түркi тiлдес халық арасында саны жағынан ең көп тайпа:
•/Қыпшақтар/
⑨.Қыпшақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңi үзiлдi:
•/Моңғол шапқыншылығының нәтижесiнде/
⑩.Қыпшақ хандары осы тайпадан сайланды:
•/Елбөрілі/
⑪.Қыпшақ хандығымен тығыз туыстық және саяси байланыстар орнатудағы хорезмшахтардың ұстанған басты мақсаттары:
•/Қыпшақ тайпаларын ислам дініне тарту/
⑫.Қыпшақ хандығы өмір сүрген ғасырлар:
•/XI ғ.-ХІІІ ғ. басы/
⑬.Қыпшақ хандығындағы ақсүйек шонжарлардың аталуы:
•/Тархандар, басқақтар, бектер/
⑭.Қыпшақтар даласы атанған аймақ:
•/Алтайдан Еділге дейін/
⑮.Қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін жыр:
•/«Қобыланды жыры»/
⑯.Қыпшақтарда байлықтың өлшемі:
•/Жылқы саны/
⑰.Қыпшақтардың этникалық құрамындағы 11 тайпадан тұратын бөлігі:
•/Батыс/
⑱.Қыпшақтардың хорезмшахтармен ұзақ бәсекесін тоқтатқан басты себеп не:
•/Қазақстан территориясына монғолдардың алғашқы пайда болуы/
⑲.Қыпшақтарды венгрлер атады:
•/Кундар немесе командар/
⑳.Қыпшақ ақсүйектерiнiң қарахан әулетiмен қатынасы күрделi болуына қарамастан олар болды:
•/Туысқандық қатынаста/
㉑.Оң қанат Қыпшақ ордасы:
•/Сарайшық/
㉒.Қыпшақ тілінің фольклор үлгілері сақталған:
•/“Кодекс куманикус”/
㉓.Әбу Насыр Әл-Фараби Отырар қаласында кай тілде білім алған?
•/Қыпшақ/
㉔.Қыпшақ бірлестігіне енген ХІІ ғасырда Арал маңын жайлаған тайпалар: •/Қаңлы, қарлұқ/
㉕.Ислам діні қыпшақтар арасында таралды:
•/11-12 ғғ/
㉖.Қыпшақ бірлестігіне енген тайпа:
•/Дурут/
㉗.Қыпшақ мемлекеті араб деректерінде қалай аталды?
•/Дешті-Қыпшақ қағанаты/
㉘.XII ғасырдан бастап қаңлы, қарлұқ, жікіл тайпалары құрамына кірген мемлекет:
•/Қыпшақ/
㉙.Қыпшақтардың күшейуінен қауіптеніп, өзіне тәуелді етуге ұмтылған мемлекет:
•/Хорезм/
㉚.Қыпшақтардың арба үстіне тігілген үйлерін сипаттаған саяхатшылар:
•/Карпини, Рубрук/
㉛.Мәтінде сипатталған екі елді анықтаңыз. «... олардың арасындағы жауласушылық мұнымен бітпейді. Отырар, Сығанак, Арал теңізінің аумағы бұл екі ел үшін ұзақ жылдар бойына кақтығыс көзіне айналады. Билік үшін бәсеке тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады»:
•/Қыпшақ, Хорезм/
㉜.Қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен деген кімнің сөзі:
•/Плано Карпини/
㉝.Ресей жеріне барып орналасқан қыпшактарды орыс деректерінде аталды:
•/половшылар/
㉞.Шөлдеп келе жатқанда қыпшақтар сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін, оны айран деп атайтындарын жазған:
•/В.Рубрук/
㉟.Қыпшақтар құрамындағы дурут тайпасының аты:
•/төрт тайпа дегенді білдіреді/
㊱.XIII ғасырда қыпшақтардың сүттен қалай май алатынын, құртты, қымызды қалай жасайтындарын таңдана жазғандар:
•/Еуропа саяхатшылары/
㊱.Жаңа сұрақтар: https://vk.com/official_globus
㊲.Қыпшақтардың этникалық құрамы 16 тайпадан тұратын бөлігі:
•/Шығысы/
㊳.Қыпшақтардың тары мен күріш, арпа өсіргендігі туралы жазған саяхатшылар:
•/әл-Омари, Петахья/
㊴.Қыпшақтардың астанасы болған қалалар:
•/Сарайшық, Сығанақ/
㊵.Қыпшақтар жайлы дерек қалдырғандар қатарына жатпайды:
•/Жүсіп Баласағүн/
㊶.Қыпшақтар құрамындағы йетиоба тайпасының аты:
•/жеті тайпа дегенді білдіреді/
㊷.«XIV ғ. Қыпшақтарда тамақтарының негізгі түрі тарыдан жасалады» деп айтты:
•/әл-Омари/
㊸.Қыпшақтардың этникалық құрамы қалыптаса бастады:
•/VII-VIII ғасырлар/
㊹.Қыпшақтардың сиыр малын өсіргендігі туралы айтқан саяхатшы:
•/Ибн Баттута/
㊺.Қыпшақтардың билеуші лауазымы:
•/Хан/
㊻.Қыпшақтардың “айран” деп аталатын сусыны туралы жазған ғұлама В.Рубрук
㊼.Хорезммен жақындасуына байланысты қыпшақтар арасында ислам діні кең тарай бастаған уақыт:
•/XII ғасырдың екінші жартысы/
㊽.Дешті Қыпшақ даласы арқылы өткен итальян саяхатшысы:
•/П.Карпини/
㊾.Қыпшақтардың сыртқы саудасында жоғары бағаланды:
•/Жылқы/
㊿.Қыпшақтардың егіншілікпен айналысқанын хабарлаған (-дар):
•/әл-Омари Петахья/
ВКонтакте: ҰБТ 2018